"Туған өлкем өлең мен прозада"

Саран қаласының 65 жылдығы және Қарағанды қаласының 85 жылдығына орай №13 ЖББМ 5 "б" сынып оқушыларымен, "Бұл менің Отаным-Здесь Родина моя, здесь я живу" жобасы шеңберінде, "Туған өлкем өлең мен прозада" атты медиа-экскурсиясы өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар Қарағанды және Саран қалаларының қалыптасу тарихын, олардың қазіргі заманғы дамуы, ескерткіштері және олармен байланысты оқиғалар туралы көптеген жаңалықтарды біліп, туған қаласының көшелері бойынша саяхат жасады. Балалар кітапханашылардың Ұлы Отан соғысының батыр-жерлестері туралы әңгімелерін ерекше қызығушылықпен тыңдады. Кездесу барысында жергілікті ақындардың сүйікті қаласы туралы өлеңдері оқылды. Медиа-экскурсия " Қарағандыға-85 жыл!" атты бейнебаянымен аяқталды.


Келулердің саны: 94