"Сказки всем на удивленье" атты байқау бағдарламасы

2019 жылы 9 қазанда "Сәуле" балабақшасының бүлдіршіндеріне орыс ақыны А. С. Пушкиннің 220 жылдығына арналған "Сказки всем на удивленье" атты байқау бағдарламасы өткізілді. Іс-шара барысында бүлдіршіндерге А.С. Пушкин туралы мағұлматтар беріліп, кітаптарымен таныстырып, оның «Ханшайым мен жеті батыр” , «Сұлтан хан», «Алтын әтеш туралы ертегі» және т.б. ертегілерінен үзінділер көрсетілді. Ертегі балаларға қызықты болу үшін, кітапханашы кейіпкерлердің кейпінде сөйледі және суреттер желісі бойынша сұрақ-жауап әдісімен әңгіме өткізді. Кішкентай бүлдіршіндеріміз Ертегілер әлеміне саяхат жасау арқылы ұмыт болып бара жатқан ертегі кейіпкелерімен қайта қауыша алады және де кейіпкерлеріне еліктеу арқылы жағымды қасиеттерді өз бойына сіңіре алады. Бүлдіршіндер «Еске түсір», «Бұл қандай ертегі?» байқауларына және «Кейіпкерлері арқылы ертегіні тап» бейне-викторинасына белсене қатысты.


Келулердің саны: 126