«Ақ таяқ» Халықаралық күн

«Ақ таяқ» Халықаралық күніне орай Саран қ. ОҚК қызметкерлері мен СГТК «СпортАктив» еріктілер клубының белсенділері "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "ММ «Поверь, что ты не одинок» атты еріктілер акциясын өткізді.

Іс-шара барысында кітапханашылар осы күннің маңыздылығы жайлы және қаламызда тұратын аталмыш санаттағы адамдарға ықылас пен қолдау көрсету маңызды екенін айтты .

Кездесуде "СпортАктив" еріктілер клубының мүшесі Абайқызы Айгүл "Бұлбұлым" әнін орындап, кездесуге келген қонақтарды тәнті етті. Сонымен қатар қатысушылар "Киноман", "Сөйлемді аяқта", "Ән шырқа" сайыстарына қатысты. Бақыт Хамзаның орындауында "Әке арманы", "Бақтыбай әуендері" күйлері шырқалды.

Іс-шара соңында кітапханашылар жүрек жарды тілектер айтып, мерекемен құттықтады. Келген әр қонаққа тәттілер тарту етілді.


Келулердің саны: 32