«Көшбасшы, стратег, реформатор» дөңгелек үстелі

№2 ООК "Ақ шаңырақ" ЭМБ-мен бірлесіп өткізген "Көшбасшы, стратег, реформатор" атты дөңгелек үстелі әр түрлі жастағы адамдарды біріктірді. Олар: зейнеткерлер, АМОСО қызметкерлері, оқушылар. Кездесуге қатысушылар Елбасының ел тарихындағы маңызды рөлін талқылады, Қазақстанның өткен жылдардағы негізгі жетістіктерін еске алды. "Ақ шаңырақ" ЭМБ басшысы С. Ж. Супьянова "Нұрсұлтан Назарбаев- этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізін қалаушы" тақырыбында сөз сөйледі. АМОСО қызметкері А. М. Святоха Қазақстан экономикасы секторындағы оң өзгерістер туралы еске салды. Жас ұрпақтың атынан №16 ЖББМ 9 "Ә" сынып оқушылары Ахметов Асланбек пен Орынбасар Әсет Қазақстанның Тұңғыш Президентіне арналған өлеңдер оқыды. Кітапханашы Т. В. Борщ кездесу қатысушыларын Елбасының басылымдарымен және Тұңғыш Президентке арналған кітаптармен таныстырды.

 


Келулердің саны: 84