«Оқитын отбасы – оқитын қала»

№1 ООК оқу залында ҚР Отбасы күніне орай «Оқитын отбасы – оқитын қала» атты әдеби мереке өткізілді. Кітапханашылар отбасы әрбір жан үшін өте маңызды екенін айтты. Отбасы – қоғам негізі, өйткені қоғам отбасынан тұрады. Отбасы дегеніміз не екені барлығына түсінікті. Отбасы – туған шаңырағың. Отбасы дегеніміз ата-анаң, атаң, әжең... Достық пен махаббат, бір-біріне деген қамқорлық, барлығына ортақ қуаныш пен қайғы, әдеттер мен дәстүрлер, сонымен қатар отбасы дегеніміз ішінде тыныштық пен махаббат орнаған қамал. Іс-шара басында «Отбасы: қарым-қатынас жасау формуласы» кітап көрмесіне шолу жасалды. Содан кейін балалармен «Отбасылық үлкен викторинасы», «Үй саламыз» тренингі ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар мен кітапханашылар арасында «Сенің түсінігіндегі отбасы дегеніміз не» тікелей диалогі өтті.

 

 

     





 


Келулердің саны: 1605