Саран қаласының - 65 жасқа толуы

04.03.2014 ж. СГТК оқу залында Саран қаласының 60 жылдығына арналған «История города в лицах» тақырыбында «Собеседница» пікір-талас клубының кезекті отырысы өткізілді. Іс-шараға қаламыздың алғаш құрушылары мен ұзақ жылдар осы қалаға еңбегі сіңген тұрғындар: Абикенов К.А. – СГТК тұңғыш басшысы, Сальникова Н.А. – «Саран газеті» газетінің алғашқы басты редакторларының бірі, Ардагерлер Кеңесінің мүшелері: Кучеренко Т.А., Бочарникова Н.А., Сенина В.Н. Абикенов К.А. қатысып, СГТК кітапхана меңгерушісі А.Ж. Сулейменовамен бірлесе отырып, Білім беру саласына орасан зор үлес қосқан бірқатар оқытушылар мен колледж тарихы туралы әңгімеледі. Ардагерлер Кеңесінің мүшелері қала өмірінде өткен күндерін еске алып, қатысушылармен бөлісті. «Саран газеті» баспасының қалыптасу бастауында тұрған Н.А. Сальникова өз жұмысының жарқын тұстарын еске түсіріп, мұрағатта сақталған фото суреттерін көрсетті. ОҚК қызметкері А. Федорова қаламыздың тарихында жарқын із қалдырған жерлестерімізге арналған «Я вырос здесь и край мне этот дорог» библиографиялық шолу жасады. Қатысушылардың арасында қаламыздың көмір өнеркәсібін, қоғамдық өмірін, халыққа білім беруді дамытуға және т.б. үлес қосқан азаматтар да болды. Сонымен қатар аталмыш оқиғаға және қаланың атақты адамдарына арналған ескерткіштер, мүсіндер туралы «Памятники нашего города» библиографиялық құралы ұсынылды. Оқушылар ақпараттарды қызығушылықпен тыңдап отырды.

Іс-шарада қаланың мерейтойына арналған кітап көрме ұйымдастырылды. Кітап көрмеде Саран туралы әдебиет, мұрағат материалдары және қаланың 50-жылдығына арналып жазылған «Моя Сарань – судьба в судьбе» кітабы ұсынылды. Кітап көрмеге шолу жасаған – СГТК кітапхана меңгерушісі А.Ж. Сулейменова.

Іс-шарада сазды әуендер шырқалып, өлеңдер оқылды. № БӨМ шәкірті Аскаров Жандос «Самал тау М композициясын орындаса, Рахимжанов Дауылхан мен Алтанбаева Айкүнім Саранға арнаған арнауларын оқып, қатысушыларды тәнті етті.

Іс-шара қатысушыларына және қонақтарына естелікке сыйлықтар тарту етілді.

Буклет Это наш город! БФ №4

закладки БФ3

Здесь корни - здесь истоки ЦГБ

Поэтические строки о любимом городе БФ№3

Триптих ЦГБ

 

 

 

 

 

 

 


Келулердің саны: 5520