«Кітаппен бірге өсеміз!»

  29-шы қыркүйекте «Сәуле» балабақшасымен «Кітаппен бірге өсеміз!» атты іс-шара өтілді. Шараның мақсаты: бүлдіршіндердің кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітапханамыздың кітап қорымен таныстырып, насихаттау, бүлдіршіндерді ата-анасымен кітап оқуға, алуға шақыру. «Кітап – адамзаттың көне замандардан келе жатқан жолаушысы, серігі, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі екені, ұрпақтан ұрпаққа рухани байлықты сақтау керектігі жайлы айтылды. Кішкентай оқырмандарымыз «Шалқан», "Қызыл телпек", "Үйшік", "Бауырсақ", "Қасқыр мен жеті лақ" және т.б ертегілерін кітапханашымен бірге қуанып оқып, іс-шара соңында бүлдіршіндермен «Ұйқыдағы аю», «Соқыр теке», «Сақина жасыру» ойындарымен аяқталды.

 

 

Келулердің саны: 1046