Тәуелсіздік дәуірі

Скачать книгу

 

Егеменді Қазақстанның жетістігі біздің Президентіміз, ұлттың Көшбасшысы Н.А.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Нұрсұлтан Әбішұлына сәулетші және жаңа тәуелсіз Қазақстанның негізін қалауға рөлі түсті. Біздің Президент өзін кемеңгер саясаткер ретінде ғана емес, сонымен қатар керемет жазушы ретінде де көрсете білді.   

Елбасы «Тарихи толқында», «G-Gobal – XXI ғасыр әлемі», «Бейбітшілік кіндігі», «Қазақстан жолы», «Жылдар мен ойлар», «Еуразия жүрегінде» және т.б.көптеген кітаптардың авторы болып табылады.  

2017 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңыңда «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабы жарық көрді. Бұл кітап тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Жаңа туындыда егемен мемлекттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады.

Елбасы өз оқушысын еліміздің бүгінгі күні Тәуелсіз, мықты мемлекетке айналғанға дейінгі қиыншылығы мен жетістіктері қатар жүрген  кезеңге жетелей отырып, ұлттар арасындағы өзара келісім, өз ұлттық ақшамыз – теңгені қабылдау, Астананың құрылуы туралы  әңгімелейді.

 


Келулердің саны: 1196