Кітапхана туралы білгенін көп пе?

Ақпан айының 8 жұлдызында Орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері қаламыздың білім ордалары: №4ЖББМ, №5ОАМИ, №6ЖББМ, №17 ЖББМ оқушыларына «Кітапхана туралы білгенін көп пе?» библиокеруенін өткізді. Кітапханашылар кітапханалар тарихы, анықтамалық-ақпараттық аппаратты қолдану, кітапхананы қолдану ережелері жайлы мәлімет беріп, ақпараттық кеңістіктегі кітапхананың орны туралы әңгіме өрбітті. Іс-шара барысында өскелең ұрпаққа кітап, ақын-жазушылар және кітапхана жөнінде сұрақтар қойылды. Оқушылар өздерінің әр сөзін дәлелдеп, ұлы адамдардың сөздерімен дәйектеген жауаптары өте қуантты. Сол себепті кітап қорының інжу-маржандарын алып, білім мекемелерін аралаған күніміз бекерге кетпек емес.

Елбасы жыл сайынғы өз жолдауында жастарға кітап оқудың маңызы мен қажеттілігіне тоқталып, кітап жайында: «Кітап – ең сабырлы ұстаз.Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді» деген болатын. Демек, бүгінгі өзгермелі, құбылмалы әлемде сенімді серігің – кітап пен білім. Сондықтан біз жастарды кітапты аялап, құрметтеп, кітапқа адал болуға, кітапхана төрінің құрметті қонағы болуға шақырамыз.


Келулердің саны: 955