«Қыз өмірдің қызғалдағы»

2018 жылдың наурыз айының 2 жұлдызында № 7 мектеп оқушыларымен «Қыз өмірдің қызғалдағы» атты іс-шара өтілді. Қазақ  қыз баланы  - тіршіліктің тірегі, әлемдегі ізгіліктің  алтын діңгегі, жарық дүниедегі  әдемілік  пен сұлулықтың тәңірісі деп бағалаған. Қыз баланы тәрбиелеуге халқымыз ерте заманнан бері ерекше мән беріп келеді. Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей ізетті болуға тәрбиелеген. Сондықтан, қыз баланың  тәрбиесіне ерекше  көңіл бөлген.  Тәрбиелі, білімді қыз -қоғамымыздың  баға жетпес байлығы.           Іс-шара барысында қыз балаларға арналған мақал-мәтелдер талқыланып, жұмбақтар жасырылып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты сұрақтар қойылып, ана, әжелерімізге арналған бейнебаян көрсетілді. Қыз баланың тәрбиесі жайында сөз қозғалып, қыздар өз ойларымен бөлісті. Шараның соңында ер балалар қыздарға өздерінің ізгі тілектерін білдірді.


Келулердің саны: 703